КӨБІРЕК БІЛУ

RANGE ROVER
<h3><b>КӨБІРЕК БІЛУ</h3></b> RANGE ROVER

КӨРНЕКТІ ДИЗАЙН

Range Rover L460 22MY
КӨРУ ҮШІН БАСЫҢЫЗ

ТАҢДАУЛЫ ЭКСТЕРЬЕР

Аэродинамикалық пішінінде ешқандай артық бөлшектері жоқ заманауи стиль мен жинақы дизайн.
A REFINED EXTERIOR
DISTINGUISHED DESIGN

ЕРКІН НӘЗІКТІК

Заманауи және әдемі интерьерде теңдесі жоқ жинақылық пен интуитивті түсінікті озық технологиялар үйлестірілген.

СӘНДІ БЫЛҒАРЫ

Былғары әрлеменің қай нұсқасын таңдасаңыз да, бұл сіздің күткеніңізге лайықты салтанатты шешім болады. Бес түсті нұсқаның ішінен таңдаңыз.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР

Былғарыға сәнді балама ретінде салонның заманауи стилін айшықтап көрсететін KvadratТМ және UltrafabricsТМ секілді ұстағанға жағымды премиум сыныпты заманауи материалдар ұсынылады.

СӘНДІ ЖАБЫНДАР

Эксклюзивті материалдар мен әрлеу нұсқаларын таңдау арқылы интерьерге жарқын даралығыңыздың айшықтарын енгізіңіз.

ТАЛҒАМПАЗДЫҚ ПЕН СӘН-САЛТАНАТ

САПАРЛАРДАН ЛӘЗЗАТ АЛУ

Есіктерді ашу және жабу электржетегінен*Hot Stone массаж функциясына дейін Range Rover-дің әрбір аспектісі сапарларыңызды күшті сезімдерге толтырады.

БЕЛСЕНДІ ШУ БАСУ

Белсенді шу басу жүйесінің жаңа буыны қажетсіз шуылдарды, дірілді және алаңдатушы факторларды кетіреді. Ол жеке тыныш аймақтар қалыптастыратын бассүйегіштердегі инновациялық динамиктермен жабдықталады.
PRO САЛОНДАҒЫ АУАНЫ ТАЗАРТУ ЖҮЙЕСІ

PRO САЛОНДАҒЫ АУАНЫ ТАЗАРТУ ЖҮЙЕСІ

PM2.5 сүзгілеу және nanoe™ XТМтехнологиясы SARS-CoV-2 вирусын қоса алғанда жағымсыз иістерді бактериялар мен аллергендерді жоюға көмектеседі, ал CO2 деңгейін бақылау жүйесі2 жүргізуші мен жолаушылардың көңіл күйін жақсартады.
ТӨРТ АЙМАҚТЫҚ КЛИМАТ-КОНТРОЛЬ

ТӨРТ АЙМАҚТЫҚ КЛИМАТ-КОНТРОЛЬ

Жүргізушіге, алдыңғы жолаушыға және екінші қатардың әрбір тарапындағы жолаушыларға арналған бөлек ауыстырып қосқыштары бар төрт аймақтық климат-контроль температураны және ауа ағынының қарқынын жеке қалауларына сәйкес реттеуге мүмкіндік береді.

ТҮСІНУГЕ ОҢАЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

PIVI PRO АҚПАРАТТЫҚ ОЙЫН-САУЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА БУЫНЫ

Марапаттарға ие болған Pivi Pro — біздің ең интуитивтік түсінікті ақпараттық ойын-сауық жүйеміз. Барлық басқару элементтері бір сенсорлық экранға жинастырылған. Сонымен бірге жүйе смартфондарға қарапайым қосылуды қамтамасыз етеді және көптеген қосылмалы сервистерді ұсынады.
ИММЕРСИВТІ ДЫБЫС ШЫҒАРУ

ИММЕРСИВТІ ДЫБЫС ШЫҒАРУ

MeridianТМ Signature Sound аудиожүйесі дыбыстың шынайы ойнатылуын қамтамасыз етеді. Сабвуфер мен 34 динамик MeridianТМ технологиясының арқасында әрбір орындық үшін көлемді дыбыс жасап шығарады. Trifield 3D технологиясы.
ҚОСЫМША ЖАЙЛЫЛЫҚ ҮШІН ҚОСЫЛУ МҮМКІНДІКТЕРІ

ҚОСЫМША ЖАЙЛЫЛЫҚ ҮШІН ҚОСЫЛУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Online опциялар пакеті Wi-Fi қосылу нүктесінің және Amazon Alexa секілді кіріктірілген қолданбалардың арқасында шексіз қосылу мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Бағдарламалық құралдың сымсыз жаңартылуының (SOTA) арқасында автокөлігіңізде әрдайым бағдарламалардың ең заманауи нұсқалары орнатылған болады.
АРТҚЫ ҚАТАРДАҒЫ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ

АРТҚЫ ҚАТАРДАҒЫ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ

Артқы жолаушылар мультимедиа жүйесі мен жайлылықты арттыру функцияларын жайлылығы жоғары екінші қатар орындықтарының арасындағы шынтақтаянышта орналасқан 8 дюймдік дисплейі бар контроллердің көмегімен басқара алады.
ЖҮРГІЗУШІНІҢ КӨМЕКШІ ЖҮЙЕЛЕРІ

ЖҮРГІЗУШІНІҢ КӨМЕКШІ ЖҮЙЕЛЕРІ

Автокөлікті басқаруды және тұраққа қоюды оңай әрі қауіпсіз етуге арналған функциялар таңдауға қолжетімді, ал көптеген инновациялық технологиялар жүргізу жайлылығын арттырады. 

ЦИФРЛЫҚ ЖАРЫҚДИОДТЫ БАСТЫ ЖАРЫҚ ФАРАЛАРЫ

Жақсартылған көру мүмкіндігі, шолу мүмкіндігі мен айқындығы тәуліктің қараңғы мезгіліндегі сапарлардың жайлылығы мен қауіпсіздігін анағұрлым арттырады. КЖЖ жиектемесі бар цифрлық жарықдиодты бас фаралар, кескінді проекциялау функциясы және бейімделетін жарық функциясы жолдың барлық бұрылыстарын болжау және оңтайлы жарықтандыруды қалыптастыру үшін навигация жүйесінің деректерін қолданады.
КОНФИГУРАТОР

ӨНІМДІЛІКТІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ

ЭЛЕКТРЛІ ГИБРИД

Жүріс қоры ұлғайтылған қосылмалы гибрид түрінде (PHEV) қолжетімді. Қуаты 105 кВт 3,0 литрлік 6 цилиндрлі бензиндік Ingenium қозғалтқышы P460e немесе P550e нұсқаларында қолжетімді. Тұрақты токпен тез зарядтау бір сағатқа жетпей батарея зарядының 80 пайызына дейін қайта толтыруға мүмкіндік береді.

ЭЛЕКТРЛІ ГИБРИДТІҢ СИПАТТАМАЛАРЫ **

ЭЛЕКТР ТАРТУ КҮШІНДЕГІ ЖҮРІС ҚОРЫ

121 КМ-ГЕ ДЕЙІН

Шынайы пайдалану жағдайларындағы болжанған жүріс қоры (WLTP шеңберінде ) — 94 км-ге дейін. 

CO2 шығарындылары2 ШЫҒАРЫНДЫЛАР

16 Г/КМ-ДЕН БАСТАП

Электржетекпен жүрген кезде шығарындылар жоқ.

ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДАҒЫ ЗАРЯДТАУ УАҚЫТЫ 

< 60 МИН-ТАН БАСТАП

Тұрақты токпен тез зарядтауға арналған құрылғының көмегімен зарядты 80 %-ға дейін бір сағатқа жетпей қайта толтыру

ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ЗАРЯДТАУ УАҚЫТЫ

5 САҒ-ТАН БАСТАП**

Үйдегі 7 кВт қуаты бар айнымалы ток зарядтау құрылғысының көмегімен 100 %-ға дейін.
ЖЕҢІЛ БАСҚАРУ

ЖЕҢІЛ БАСҚАРУ

Adaptive Dynamics бейімделетін аспаны басқару жүйесі секундына 500 рет автокөлік қозғалысының параметрлері және рульдің бұрылуы туралы деректерді оқиды және амортизаторлардың қаттылығын үздіксіз оңтайландырып, дәл басқарылуды және жүрістің максималды бірқалыптылығын қамтамасыз етеді.
ЖОҒАРЫ БАҒДАР ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

ЖОҒАРЫ БАҒДАР ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

Электронды басқаруы бар белсенді артқы бұғатталатын дифференциал артқы ось дөңгелектерінің арасында сырғып өтуді бақылаудың арқасында бұрылыстарда және жолсыз жермен жүрген кезде жер бетімен үздік ілінісуді қамтамасыз ете отырып қосымша артықшылықтар береді.
ТЕҢГЕРІЛГЕН ҚУАТ

ТЕҢГЕРІЛГЕН ҚУАТ

Айналдыру сәтін дөңгелекке динамикалық үлестіру жүйесі ең тік бұрылыстарда жоғары басқару мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Электронды дифференциал мен тежеу жүйесі бұрылыстардағы тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, қозғалтқыштың айналдыру моментін барлық дөңгелектің арасында үлестіріп отырады.
ТАҢ ҚАЛАРЛЫҚ ЖАЙЛЫЛЫҚ

ТАҢ ҚАЛАРЛЫҚ ЖАЙЛЫЛЫҚ

Электронды басқарылатын пневматикалық аспа Range Rover-мен бұрылыстардан өткен кезде жайбарақаттық пен жайлылық сезімін береді. Dynamic Response Pro динамикалық тұрақтандыру жүйесі жүру сипаттамаларын оңтайландыратын электронды басқарылатын белсенді бағдар тұрақтылығын бақылау жүйесінің (eARC) арқасында автокөліктің басқарылуын жақсартады.

ЕРЕКШЕ МҮМКІНДІКТЕР

БАРЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕКТЕРДІ РУЛЬМЕН БАСҚАРУ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖОЛМЕН БАСҚАРЫЛАТЫН ПНЕВМАТИКАЛЫҚ АСПА
РЕТТЕЛЕТІН БАҒДАРЛАМАЛАР

АУҚЫМДЫ ДЕРБЕСТЕНДІРУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Charente Grey (премиум-металлик)| Autobiography | Стандартты дөңгелек базасы бар бес орындық автокөлік

ДЕРБЕСТЕНДІРУ НЕМЕСЕ ДАЙЫН ШЕШІМ

Түсін, дөңгелек дискілерін және интерьерді әрлеу нұсқаларын таңдау арқылы автокөлікті дербестендірмес бұрын жинақтаманы, қозғалтқыш пен опциялар пакетін таңдаңыз.

АРНАЙЫ СІЗ ҮШІН

Жабдықтау топтамалары мен аксессуарлардың алуан түрлі таңдауы. Түстердің, дөңгелек дискілерінің және төбеге арналған аксессуарлардың ауқымды таңдауы. Осының бәрі — сіздің Range Rover.

*Тек ұзартылған дөңгелек базасы бар SV нұсқасы үшін ғана қолжетімді.


Бұл деректер өндірушінің толық зарядталған батареямен ЕО заңнамасына сәйкес жүргізілген ресми сынақтарынан алынған. Тек салыстыру үшін. Шын пайдалану жағдайларында сипаттамаларда айырмашылық болуы мүмкін. CO2 шығарындылары2отын үнемдеу, энергия тұтыну және жүріс қоры көрсеткіштері көлік жүргізу стилі, қоршаған орта жағдайлары, таситын жүктің, орнатылған дөңгелектің және қосымша жабдықтың салмағы, нақты бағыт және аккумулятордың жай-күйі сияқты факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Жүріс қоры бойынша деректер стандартты бағдармен жүріп өткен сериялық автокөлікке негізделген.

12020 жылы Panasonic компаниясы үшін жүргізілген Texcell зерттеуі. Нәтижелер Panasonic компаниясы тарапынан ұсынылған.

Қосымша функциялар мен олардың қолжетімділігі автокөлік жинақтамасына (модификация және күштік агрегат) және сатылу нарығына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Бірқатар функциялар үшін қосымша компоненттер орнату қажет болады. Қосымша ақпарат алу үшін ресми дилерге хабарласыңыз немесе онлайн-конфигураторды пайдаланыңыз.

Автокөліктің мультимедиа функцияларын қауіпсіз болған жағдайда ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Жүргізушілер әрдайым автокөлікті толық бақылауда ұстауы тиіс.

Pivi және InControl функциялары, сыртқы қызмет жеткізушілер ұсынатын опциялар және олардың қолжетімділігі нарыққа байланысты — өзіңіздің Land Rover дилеріңізден жергілікті нарықта қолжетімді екенін нақтылаңыз және барлық талаптарды тексеріңіз. Кейбір функциялар үшін деректерді беруге лайықты келісімшарты бар тиісті SIM-карта талап етіледі, бұл бастапқы кезеңнен кейін дилеріңіздің кеңесі бойынша қосымша жазылуды қажет етеді. Мобильді желінің барлық жерде қамтылатынына кепілдік жоқ. InControl технологиясы туралы ақпарат және оны бейнелейтін суреттер, соның ішінде экранның безендірілуі мен іс-әрекеттер бірізділігі бағдарламалық құрал нұсқасына, жаңартуларға, сондай-ақ әртүрлі опцияларды таңдауға байланысты басқа да жүйелік/визуалды баптауларға байланысты өзгертілуі мүмкін. Amazon, Alexa және оларға байланысты барлық логотиптер Amazon.com, Inc. немесе оның еншілес компанияларының тауар белгілері болып табылады. Alexa-ның белгілі бір функциялары ақылды үй технологияларына байланысты болады. Amazon-ды пайдалану үшін Alexa Amazon тіркеу жазбасын талап етеді.

Apple CarPlay — Apple Inc. компаниясының сауда маркасы. Apple Inc. компаниясының соңғы пайдаланушы талаптары қолданылуы мүмкін.

Android AutoТМ — Google LLC компаниясының сауда маркасы.

App Store — Apple Inc компаниясының сауда маркасы.

Google Play Store — Google LLC компаниясының сауда маркасы.

MeridianТМ — Meridian Audio Ltd. компаниясының тіркелген сауда белгісі. TrifieldТМ және «three fields» құрылғысы – Trifield Productions Ltd компаниясының сауда белгісі.